Жарияланды: 570

Қарағандыда 25 тамызда мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп дайындығына көмектесу мақсатында "Оқу маусымы" қайырымдылық акциясы басталады

Қарағанды. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 25 тамызда "Шаттықпенен мектепке" ұранымен "Оқу маусымы" қайырымдылық акциясы басталады. Оның ұйымдастырушылары - мүгедек балаларға көмектесумен айналысатын "Үміт сәулесі" қоғамдық қайырымдылық қоры және "PaRtner Group" компаниясы. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Үміт сәулесі" қоғамдық қайырымдылық қорының директоры Татьяна Кравченко хабарлады.

"Қор өкілдері қарағандылықтардан және әртүрлі меншік формасындағы ұйымдардан аз қамтылған отбасылардың мүгедек балаларына мектеп құрал-жабдықтарын жинауға көмектесуді өтінеді", - деп хабарлады Т. Кравченко. Қор директорының түсіндіруінше, акцияға қатысу үшін кез келген қолдан келетін көмек жасасаңыз, атап айтқанда, бірнеше дәптер, қалам қарындаштардың жиынтығын алып берсеңіз болғаны. Оқушыға қажет болуы мүмкін кез келген кеңсе тауарлары қабылданады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін