Мекеменің мәліметінше, Қарағандыда тұратын 50 жастағы әйел тәртіп сақшыларының көзіне осыдан екі ай бұрын іліккен. Зайыбы жоқ жұмыссыз әйелдің екі баласы болған.
ІІБ-ның хабарлауынша, күдіктінің пәтерін тінту барысында ваннаға арналған бөлмеден әйелдің сату үшін сақтап отырған 92,02 грамм героин табылды.
«Әйел бұдан бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабының 3,4 тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сатушы әйел уақытша тергеу абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде», -деп хабарлайды бөлімдегілер.
Арнаулы операцияны бөлім қызметкерлері Астана қаласына бағытталған есірткі тасымалы арналарын жою үшін жоспарланған іс-шаралар аясында жүзеге асырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті