Т. Ақшаловтың айтуынша, 8-ақпанда Қарағанды облысының Абай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Абай қаласының 21 жасар тұрғыны жәбірленушіні күш көрсете отырып «Мерседес» көлігінің жүк салғышына салып, Абай қаласының маңындағы жазыққа алып кеткен.
«Адам ұрлаушыны «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған. Куәлердің қатысуымен көлікке тексеру жүргізіліп, көлік жүк салғышынан жәбірленушіні алып шыққан»,- деп түсіндірді Т. Ақшалов.
Бұрын хабарлағанымыздай, 1-ақпанда Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Абай ауданының Вольный аулының тұрғыны шағымданған болатын. Ол өзін ақы-пұлсыз жұмысқа салмақшы болып, күш көрсетіп жүрген адамды қылмыстық жауапқа тартуды сұраған болатын. Осы арыз бойынша прокуратурадан жедел-іздестіру шараларын жүргізуге рұқсат берілген болатын. Аталмыш дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 125-бабының 3-тармағы бойынша (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлға уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті