Қарағандыда амур жолбарысы балалады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда амур жолбарысы балалады

Қарағандыда амур жолбарысы балалады

Қарағандының хайуанаттар бағында амур жолбарысы балалады. Жолбарыстың бұл түрі зообақтың 76 жылдық тарихында алғаш рет дүниеге екі шөнжікті әкеліп елді қуантып отыр.

  • 20 Ақпан 2015
  • 179
Фото - Caravan.kz

Табиғатында бар жыртқыштық қасиетін қаршадайынан білдірген екі шөнжік әлі келсе адамға атылудан тайынбайды. Туғанына үш ай болса да бақтың ырымшыл қызметкерлері тіл көзден ада болсын деп жалпақ жұртқа жаңалықты енді ғана жариялап отыр. Арқаның қысына шыдаған екі шөнжік едәуір ширап та қалған. Әзірге бұлардың жынысын да анықтап ешкім қарамапты. Амур жолбарыстары осы баққа 2010 жылы Ташкенттен жеткізілген екен. Бұл сиреп бара жатқан тұқым болған соң бойына төл біткенін көргенде бақтағылар қатты қуанғанын жасырмайды. Өйткені Қарағандыда соңғы рет осыдан 15 жыл бұрын бенгаль жолбарысы ғана балалаған екен.