Қарағанды қаласының Складская көшесіндегі балалар ойыншықтарының көтерме сауда қоймасы бір сағаттан артық уақыт бұрын өртене бастады. Қаланың көп бөлігін қара түтіналып кетті. Қазіргі таңда өртті жою жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай ақпарат берілген жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын 2 мың шаршы метр аумаққа таралған.