Қарағандыда балалардың көлік апатынан жарақаттану салдары өсіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда балалардың көлік апатынан жарақаттану салдары өсіп отыр

Қарағандыда балалардың көлік апатынан жарақаттану салдары өсіп отыр

Қарағанды. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы Қарағанды облысының жолдарында алалардың қатысуымен орын алған 225 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан 223 бала жарақат алып, 28 бала қайтыс болған. Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық жол полициясының аға инспекторы Олег Зотов баспасөз мәслихатында осындай мәліметтер келтірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Ақпан 2008
  • 596
Фото - Caravan.kz

«2006 жылмен салыстырғанда балалардың көлік апатынан жарақаттану салдары 9,8%-ға өсіп отыр. Облыс орталығында 73 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ол 2006 жылғыдан 18-і көп. Қолданылған шараларға қарамастан биылғы қаңтарда балалар жарақатының жағдайы жақсарған жоқ», — деп хабарлады аға инспектор.

«Бұл мәселе жол полициясының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта балалар жарақатының алдын алу шараларының бірі ретінде постылардың орнын ауыстырдық. Енді жол бойында орналасқан мектептердің барлығына дерлік жол полициясының инспекторлары қызмет көрсететін болады», — деп атап көрсетті О. Зотов және кезекшілік 7.00-ден 8.00-ге дейін, 12.00-ден 14.00-ге дейін және 16.30-дан 17.00-ге дейін, яғни, балалардың мектепке келген және кеткен кездерінде жүргізілетінін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті