Онда аспазшы болып істеген 57 жастағы әйел өткен түнде қаза болды, деп хабарлады сәрсенбіде Мақажанов атындағы реанимациядан.
"Терісінің 70% күйген, тыныс алу органдары да күйіп кеткен", деді медициналық мекемеден.
Қазір ауруханада зардап шеккен бес адам жатыр.
Jessi's Fusion Pub барында өрт 23-қаңтар күні болған. Өрттің орын алуына газдың шығып кетуі және артынан газ ауа қоспасының лап етіп жануы себеп болған. Өрттің алаңы 25 шаршы метрге жеткен.Оншақты адам зардап шеккен, оның ішінде барға келушілер де бар.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.