Жарияланды: 380

Қарағандыда беймәлім қылмыскерлер автокөлікке оқ жаудыру салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Бүгін, 8-шілдеге қараған түні Қарағандыда беймәлім қылмыскерлер ішінде төрт адамы бар автокөлікке Калашников автоматынан оқ жаудыру салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы қаза тауып, тағы да екі жолаушы ауыр жарақаттанды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІББ баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің болжамы бойынша, қаза тапқандар қылмыстық топтың мүшелері болуы мүмкін. Осыған байланысты қазір Қарағандыда жедел іздестіру шаралары жарияланып, қаладан шығар беріс жолдар түгел жабылып қылмыскерлер іздестірілуде. Оқиға болған жерде оперативтік топ жұмыс істеп жатыр. Толық дәлелденбеген дерек бойынша, түнде қылмыстық топтар арасында жаңжал шыққан сыңайлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін