Қарағандыда белгісіз біреулер жанармай бекетіне қарулы шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда белгісіз біреулер жанармай бекетіне қарулы шабуыл жасады

Қарағандыда белгісіз біреулер жанармай бекетіне қарулы шабуыл жасады

Қарағандыда белгісіз біреулер жанармай құятын стансаға оқ жаудырып, күзетшіні жаралады.

  • 28 Ақпан 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz


Қолдарында қаруы бар 2 ер адам жанар-жағармай стансасына кеше таңғы сағат 5:00 шамасында шабуыл жасаған. Бұл уақытта ғимарат ішінде кассир, күзетші және жанармай құятын қызметкер болған. Олар қарақшыларға есікті ашпағасын ызаланған қылмыскерлер ғимараттың есігіне оқ жаудырған. Абырой болғанда, күзетші жеңіл жарақат алған. Қазір ауруханадан уйіне қайтарылды. Тәртіп сақшылары бұзақылардың қандай қарудан оқ атқандарын анықтау үстінде, деп хабарлайды 24.kz.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 257-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда кешенді жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», — дейді облыстық ІІД басқарма басшысы Жанатай Сембеков.