Қарағандыда белгісіз біреулер жергілікті кәсіпкердің 10 млн теңгеге жуық ақшасын күштеп тартып алған
Қарағанды полицейлері тапа-тал түсте жергілікті кәсіпкерді тонаған қарақшыларға іздеу жариялады. |
Сәрсенбі күні банктен 9,5 млн теңге алып шыққан кәсіпкер тасада аңдып тұрған төртеудің қармағына іліккен.
Облыстық ІІД тіл басқармасы бастығы Жаңатай Сембековтың айтуынша, «олар кәсіпкерді көлікке отырғызып, далалыққа алып барған». Содан соң «ақшасы мен ұялы телефонын тартып алып, өзін қоя берген» көрінеді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздеу жүріп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін