Полицияның ақпараты бойынша, төтенше жағдай 4 желтоқсан күні Қарағандыда Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы «Бірінші саяжай» автобус аялдамасында орын алған, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Белгісіз адам анықталмаған қарудан «MERCEDES BENZ» маркалы қалааралық жолаушылар автобустарына оқ жаудырған. Екі автобус та Сарань қаласына қарай бағыт алған», — деп жазылған хабарламада.
Автобус салондарының бірінде 14, екіншісінде 20 жолаушы болған.
Оларлың екеуі де «Автопарк№ 3 » ЖШС-не тиесілі.
«Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы барларды анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде», — деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
Ал Интерфакс-Қазақстан агеттігінің хабарлауынша, қысқаша баспасөз мәслихаты барысында "Автопарк N3" ЖШС жол қауіпсіздігі жөніндегі инженер Айбар Оралов мәлімдегендей, оқиға сағат 8.30-да автобус Спорт сарайы маңындағы аялдамадан жүрмек болған кезде болған.
Оның айтуынша, оқ автобустың артқы әйнегін шаққан, бірақ жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген.
Автопарк әкімшілігі мұны таяуда жол жүру ақысының қымбаттайтынына қарсы әрекет деп күдік келтірді.
«Бұл алаңдатарлық жәйт. Екі күн ішінде біздің үш автобусымызға оқ атылды. Мұны қоғамдық көлікте жүру ақысын қымбаттатқалы отырғанымызға қарсы жасалған бүзақылық әрекет деп ойлаймыз. Біз тарифті 60 теңгеден 80 теңгеге қымбаттатуды сұраймыз. Қаланың мәслихат депутаттары тарифті қымбаттатуды жақтады, бірақ әкімдік қаулысының жобасы әділет департаментінде тіркелмеген, өйткені депутаттардың дауыс беру заңдылығын Қарағанды прокуратурасы тексеруде», — дейді А.Оралов.
Кеше белгісіз біреу ықшам ауданнан қала сыртына бет алған автобусқа аялдамада оқ атқан, бірер синуттан кейін тағ ыбір жолаушылар автобусына оқ атылды. Жүргізуші мен жолаушылар зардап шекпеді.
Оқ атқышты полиция іздестіруде.