Қарағандыда газ баллоны жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда газ баллоны жарылды

Қарағандыда газ баллоны жарылды

Қарағандыда екі қабатты, 12 пәтерлі үйдің бірінде көлемі 5 литрлік газ баллоны жарылып, салдарынан 2 адам жарақат алды.

  • 22 Қаңтар 2023
  • 1
Фото - Caravan.kz

Оқиға салдарынан 6 пәтерге зақым келді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мән-жай анықталғанша, тұрғын үйде жылу мен электр қуаты өшірілді. Сондықтан қала әкімдігі тұрғындарға жатақханадан орын берген. Төтенше жағдайды ауыздықтауға 8 техника мен 36 құтқарушы жұмылдырылды. Мамандар сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

"Ертең таңертеңнен бастап сараптама жасалады. Екінші қабат пен бірінші қабаттың арасы түсіп кету қаупін нақты тексереді. Әзірге тұрғындарды уақытша жатқызатын жатақхана бар. Сонда орналастырамыз. Ал қалған кей пәтер тұрғындарына ертең жылу беруге тырысамыз", — деп мәлімдеді Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов