Қарағандыда концерттік бірлестік қызметкерлері ереуіл жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда концерттік бірлестік қызметкерлері ереуіл жариялады

Қарағандыда концерттік бірлестік қызметкерлері ереуіл жариялады

Қарағанды. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда концерттік бірлестік қызметкерлері ереуіл жариялады. Бұл туралы бүгін Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік қызметкерлері журналистердің қатысуымен өткен жиналыста хабарлады.

  • 13 Ақпан 2008
  • 665
Фото - Caravan.kz

Олардың айтуынша, 11 ақпаннан бастап барлық әртістер жұмысқа келгенімен, ешбір концерт бермейтін болалы.

«Себеп — жалақының төмендігі. Жұмысқа жаңа қабылданған әртістер 14 мың, ал кәсіпқой әртістер 25 мың теңге алады», — деді ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғайни Болтаева.

«Бұл шара біздің жан айқайымыз үкіметтегілердің назарына іліккенше жалғасатын болады. Екі музыкант ауыр ахуалды көтере алмай, өзіне-өзі қол жұмсады. Біз кедейліктің тауқыметі мен тойған тоқты- шенеуніктерге арналған, ал өзіміз ашқұрсақ күйдегі концерттерден жалықтық», — деді Ғ. Болтаева.

«Біз өзіміздің шығармашылық ұжымымызды қолдаймыз, бірақ біз өз жалақымызды өзіміз көтере алмаймыз. Үкімет бекіткен тарифтік ставкалардың не себепті бүгінгі күнге дейін қайта қаралмағанын түсіне алмай отырмыз»,- деді концерттік бірлестік директорының орынбасары Талғат Ыдырысов.

Бүгін концерттік бірлестік қызметкерлерінің үкіметке қоятын талабы дайындалды.

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте 400 -ден астам әртіс еңбек етеді. Оның құрамына Академиялық халық аспаптары оркестрі, симфониялық оркестр, «Аққу» би ұжымы, джаз оркестрі секілді көптеген ұжымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті