Қарағандыда концерттік бірлестіктің басшылығы өз жұмысшыларының ереуіл жариялағандығын жоққа шығарып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда концерттік бірлестіктің басшылығы өз жұмысшыларының ереуіл жариялағандығын жоққа шығарып отыр

Қарағандыда концерттік бірлестіктің басшылығы өз жұмысшыларының ереуіл жариялағандығын жоққа шығарып отыр

Қарағанды. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда концерттік бірлестіктің басшылығы өз жұмысшыларының ереуіл жариялағандығын жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры З. Мейрамбектің бас редоктарға жазған ресми хатына сілтеме жасай отырып.

  • 14 Ақпан 2008
  • 610
Фото - Caravan.kz

Атап айтқнада, хатта «ұжымдардың ереуіл жарияламағандығы» туралы хабарланған. Оркестрлер қалыпты тәртіпте жұмыс істеуде.

Бірлестіктің бас директорының ақпараттарына сүйенсек, «кешегі жиналыста сөз сөйлегендер, облыста соңғы уақыттарда жаңа аспаптар сатып алынып, сахналық киімдер тігіліп, тек республика ішінде ғана емес, алыс шетелдерге гастрольдерге жіберіліп, шығармашылық ұжымдарға айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқандығын» тілге тиек еткен. Сонымен қатар хатта, жиналыста әртістердің жалақыларына қатысты пікірлер де айтылғандығы көрсетілген. «Жиналысқа қатысушылар жалақының төмендігіне көңілдерінің толмайтындықтарын, жеңілдетілген несиелердің болмауын және үрлемелі аспаптарда ойнайтын әртістер санаты үшін зейнетақы жасын төмендету қажеттігі туралы айтқан»,- деп айтылған хабарламада.

Хатта көрсетілгендей, жиналыста «өңірлерде жұмыс істейтін шығармашылық ұжымдардың жалақыларын көтеру мәселесіне қатысты принциптік ұстанымның жоқтығына байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атына сынды ескертулер айтылған».

Бұрын хабарлағанымыздай, 13-ақпанда Қарағандыда Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік қызметкерлері ереуіл жариялаған болатын. Олардың айтуынша, 11 ақпаннан бастап барлық әртістер жұмысқа келгенімен, ешбір концерт бермейтін болады.

«Себеп — жалақының төмендігі. Жұмысқа жаңа қабылданған әртістер 14 мың, ал кәсіпқой әртістер 25 мың теңге алады», — деді ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғайни Болтаева.

«Бұл шара біздің жан айқайымыз үкіметтегілердің назарына іліккенше жалғасатын болады», — деген болатын Ғ. Болтаева.

Бүгін концерттік бірлестік қызметкерлерінің үкіметке қоятын талабы дайындалды.

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте 400 -ден астам әртіс еңбек етеді. Оның құрамына Академиялық халық аспаптары оркестрі, симфониялық оркестр, «Аққу» би ұжымы, джаз оркестрі секілді көптеген ұжымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті