Қарағандыда күзет агенттігінің директоры дәмханаға келушілердің бірін үш рет атты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда күзет агенттігінің директоры дәмханаға келушілердің бірін үш рет атты

Қарағандыда күзет агенттігінің директоры дәмханаға келушілердің бірін үш рет атты

Қарағандыда дәмханаға келушілердің бірін травматикалық қарудан оқ атып, жаралаған 34 жастағы күзет агенттігінің директоры ұсталды,

  • 25 Қараша 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.

«Облыстық медицина орталығына дәмханадан жарақаттанған 25 жастағы жігіт жеткізілді. Жедел шаралардың барысында полиция қызметкерлері олардың күзет агенттіктерінің бірінің 34 жастағы директорын ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындады. Екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті травматикалық тапаншадан үш рет оқ атып, оқиға орнынан ізін жасырған», — деп жазылған хабарламада.

Ұсталған адамға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.