Қарағандыда педофил тура жұмыс орнында тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда педофил тура жұмыс орнында тұтқындалды

Қарағандыда педофил тура жұмыс орнында тұтқындалды

Қарағандыда педофилдің қолына кісен тура жұмыс орнында салынды. Құрылыс алаңында күзетші боп істейтін жігіттің іші пысса керек, интернетте ұлдармен танысып, жыныстық қатынас туралы әңгіме айтқан. Кейін сенімге кірген соң балалардың әурет жерін видеоға түсіріп оны өзіне ватсаппен жіберуді талап етіп отырыпты.

  • 22 Шiлде 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz

Азғынның мекен-жайын полиция ұялы телефонынан таралған белгі арқылы тез тапты. Сол кезде, құрылысты күзетудің орнына ол телефонына кезекті жеткіншектен ұятты суреттер келіп жатқан екен. Алғашында қипалақтаған 34 жастағы азамат кейін оқушы ұлдарды қорқытып, жалаңаш суреттерін мәжбүрлеп сұратқанын мойындады. Балаларының нәпсіқұмар бейтаныс адаммен жазысқан хатын ата-аналар оқып қойып, тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Ал құрылыста істейтіндер томаға-тұйық әріптесінің педофил екенін біліп, жағаларын ұстап отыр.