Қарағандыда полиция қызметкеріне героин сатпақ болған кезінде ұсталған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда полиция қызметкеріне героин сатпақ болған кезінде ұсталған

Қарағандыда полиция қызметкеріне героин сатпақ болған кезінде ұсталған

Қарағандыда есірткі өткізбек болды деп күдік келтірілген сырттан келген екі адам ұсталды.

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz


"Шымкенттің екі тұрғыны Қарғандыда 5 кило героин сатып алатын адам іздеп жүр, деген шұғыл ақпарат түскен болатын», деп хабарлады жұмада  облыстық полицияның есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасынан.
Полиция қызметкерлері арнайы операция дайындады, оның барысында қызметкердің бірі олармен танысып, сенімдеріне кірген, героин сату кезінде олар қолма-қол ұсталған. Ұсталған 54 жастағы және 47 жастағы екі ер адам қазір изоляторда отыр.
Бұл факті бойынша республика Қылмыстық кодекісінің 259 бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау және өткізу) қылмыстық іс қозғалды.