Әскери сот кеңсесінің хабарлауынша, сот әскерилердің үшеуін жеті жылға, біреуін алты жылға бас бостандығынан айырды.
Іс материалдарына сүйенсек, өткен жылы ІІМ Ішкі әскеріне қарасты №5451 бөлімше әскерилерінің озбырлығына төзбеген қатардағы жауынгер Ринат Ақмолдинов бақылау мұнарасында өз-өзін атып тастаған.
Әскери-тергеу басқармасы күдіктілердің жауынгерді қорлағанымен қоймай, үнемі одан ақша бопсалап келгенін анықтады.