Бұл туралы бейсенбі күні Қазыбек би аудандық прокуратурасынан хабарлады.
Сот-медициналық сараптама орталығы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, пышақ нәрестенің негізгі органдарын зақымдаған.
«Ата-анасы табылды. Қазір оларды ұстап, жауап алудың қамын жасап жатырмыз», — дейді прокуратурадағылар.
Бұған дейін хабарланғандай, бір жарым айлық нәрестенің мәйіті қоқыс жәшігінен табылған болатын.