Қарағандыда құбыр салып жүрген екі жұмысшыны топырақ басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда құбыр салып жүрген екі жұмысшыны топырақ басып қалды

Қарағандыда құбыр салып жүрген екі жұмысшыны топырақ басып қалды

Қарағандыдағы атышулы Бесоба тұрғынүй кешені аумағында да оқыс оқиға болды. Кәріз құбырын тарту үшін ор қазып жатқанда топырақ опырылып кетіп, 2 жұмысшыны басып қалған.

  • 28 Қараша 2013
  • 200
Фото - Caravan.kz


Тереңдігі 2 жарым метрден асатын арықтың ішінде құбыр салып жүргендер оқыс жағдайдың боларын сезбесе керек. Жоғары тұрған біреуін жұмысшылар жабылып жүріп аршып алыпты. Ал 35 жастағы мына азаматтың аяғы құбырға қысылып, шыға алмаған. Құтқарушылар оның аяғын зақымдап алмау үшін біраз алысты. 1 сағаттай топырақтың астында жатып, аяғынан жарақат алған жұмысшыны ауруханаға апаруға тура келді.