Жарияланды: 390

Қарағандыда құс фабрикасы тауықтарын тегін таратуда

Қарағандыдағы құс фабрикасы тауықтарын жұртқа тегін таратып жатыр. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, Ресей рублінің құлдырауы салдарынан көрші елдің арзан тауары өтіп, отандық өнімге сұраныс күрт төмендеген. Оның үстіне мемлекеттен бөлінуі тиіс субсидия да кейде берілсе, кейде берілмей титықтатыпты.

Карл Маркс атындағы құс фабрикасында жұмыртқалайтын тауықтардың саны 450 мыңға жуықтайды. Кәсіпорын әр жұмыртқаның өзінің құны 12 теңге екенін айтады. Олар нарыққа 8 теңгеден шығарса, қалған 4 теңгесін мемлекеттен субсидия ретінде алып келген. Алайда мұндай қаржы 2014 жылдың екінші жартысында мүлдем берілмеген екен. 2015 жылдан қайта төлене бастағанымен, соңғы екі айда қаржыландыру тоқтап қалыпты. Оның үстіне, Қарағандыдағы сауда орындарына Ресейдің арзан өнімі лап қойғаны  жығылғанға жұдырық болды. Енді құстарын асырауға шамасы жетпей қалған кәсіпорын мұндағы 450 мың тауықтың 150 мыңын тегін таратуды көздеп отыр. 

Валерия Семенова, құс фабрикасының директоры: 

- Әзірге қайырымдылық қорларына, жағдайы төмен және көктемгі тасқыннан зардап шеккен отбасыларға таратып жатырмыз. Арзан бағаға сататын болсақ, бұл науқан созылып кете ме деп қорқамыз, Өйткені тауықтардың жемі таусылған, бекерге қырылып қалады. Салдарынан, жұмысшы санын да 10 пайызға қысқартуға тура келеді

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін