Жарияланды: 700

Қарағандыда қылмыстық іздестіру қызметінің құрылуына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар өтті

Қарағанды облыстық ІІББ-да қылмыстық іздестіру бөлімінің құрылуына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында ардагер тыңшылармен кездесулер өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Ардагерлермен кездесуде Қарағанды облыстық ІІББ қылмыстық полициясының бастығы Юрий Лукьяненко жыл басынан бері 5,5 мың қылмыстың бері ашылғанын хабарлады. Осы мерзімде қызмет бабындағы міндетін атқару барысында полицияның үш қызметкері қайтыс болған. Олардың арасында Топар аудандық ІІБ-ның қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, капитан Алданыш Тайғожин бар. Ол осыдан бір ай бұрын қауіәпті қылмыскерлерді ұстауға бағытталған операцияны жүзеге асыру барысында мерт болды. Салтанатты жиында офицерлер мерт болған әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сол күні Қарағанды облыстық қылмыстық іздестіру қызметінің 15 қызметкері "Ішкі істер қызметіндегі үздік еңбегі үшін" деген төс белгімен марапатталды. Марапатталғандардың арасында марқұм А.Тайғожин де бар. Жас буын өкілдері қаза болған полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін