ҚР ТЖМ-нен мәлім еткендей, өрт бірінші қабаттағы дүңгіршекте болды. Ол жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 41 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.