Жарияланды: 310

Қарағандыда шахта опырылып, 4 адам үйінді астында қалып қойды

Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты кеніште тағы апат болды! «Қазақстан» шахтасындағы забойлардың бірінде төбе жабындысы опырылып түсіп, кеншілер үйінді астында қалып қойған.

Төтенше жағдай таңғы сағат 4 жарымда болды. Забойдан шыға беріске 18 метр қалғанда төбе жабындысы опырылған. Үйінді астында тура сол сәтте жерасты жұмыстарын атқарып жатқан 4 жұмысшы қалып қойды. Аршу жұмыстары аяқталғанша оларға сығылған ауа жіберіліп тұрған. Кеншілер араға 7 сағат салып құтқарылды. Қазір зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында. Ал апат себептерін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр.

Виталий Михайлов, кенші:

- Біз ең алдымен өз күшімізбен үйінді астынан ауа кіретін саңылау жасадық. Одан кейін құтқарушылар жеткенше қайда екенімізді білдіріп белгі бердік. Құдай сақтап аман қалдық әйтеуір. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін