Қарағандыда "Шахта Западная" ЖШС-інде өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда "Шахта Западная" ЖШС-інде өрт шықты

Қарағандыда "Шахта Западная" ЖШС-інде өрт шықты

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда "Шахта Западная" ЖШС-інде өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 515
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағандыда («Гефест»қауымдастығы) «Шахта Западная» ЖШС-інде 30 маусымда 07 сағат 45 минутта жөндеу жұмыстары кезінде К-10 вентиляциялық стволында кен орнының шатыры өртенді.

Өрт кезінде шахтада 37 адам болған. Шахтадағы барлық адам сыртқа шығарылып, «Көмір» ӘАҚҚ 4 бөлімшесі өрт сөндіру жұмыстарымен айналысты. Ашық жалын өшіріліп, көмір массиві салқындатылып, газға қатысты ахуал қадағаланды.

20.30 сағаттағы жағдаймен шахтадағы апаттық жұмыстар аяқталды. Ондағы газ мөлшері қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай келеді, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті