Қарағандыда шіркеу қаражатын қолды қылғандар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.18
  • 530.6
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда шіркеу қаражатын қолды қылғандар сотталды

Қарағандыда шіркеу қаражатын қолды қылғандар сотталды

Қарағандыда шіркеу тонағандарға қатысты үкім шықты. Садақадан жиналған қомақты соманы қолды қылғандар енді алдағы 6 жылдарын темір торда өткізеді.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, тамыз айында Қарағандыдағы Православ шіркеуіне ұры түсіп, ірі көлемдегі қаражат қолды болған. Артынан күдікті ретінде Алматының үш тұрғыны ұсталып, ақша мен құнды заттарды тыққан жерді өздері көрсетіп берген еді. Бірақ кейін полиция қызметкерлері күдіктіні оқшаулап, қазынаны өздері қазыпты. Табылған ақша да шіркеу өкілдері айтқаннан 41 миллион теңгеге аз екендігі белгілі болды. Күдіктілер де шіркеу қаражатын жаратпағандарын жарыса айтқан. Енді шіркеу ақшасына қол сұққан полицейлерге қатысты сот жеке қаралатын болады.