Қарағандыда тәрбиеленушілері уланып ауруханаға түскен балалар орталығы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тәрбиеленушілері уланып ауруханаға түскен балалар орталығы жабылды

Қарағандыда тәрбиеленушілері уланып ауруханаға түскен балалар орталығы жабылды

 Қарағандының мамандандырылған аудан аралық экономикалық соты Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының

  • 3 Сәуiр 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz


«Hogwarts» балаларды дамыту орталығы қызметін тоқтату жөніндегі шағымын қанағаттандырды.
«Сот алты баланың ауруханаға түсуіне жол берген орталықтың өрескел заң бұзушылықтарды жоймайынша жұмыс істеуіне рұқсат етуге болмайды деп шешті», — деді судья Гүлжан Тастанбаева.
Орталықтың жабылуына балалардың ауруханаға түсуі емес, содан кейін жүргізілген тексеру жұмыстары түрткі болған. Тексеру барысында балалар демалатын бөлмелерде де, асханада да санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың мүлдем сақталмайтыны белгілі болды, деді судья.