«Қарағанды қалалық ІІБ ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары Бұқар жырау даңғылында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін тіркеді. Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бағдарлы автобустың 35 және 32 жастағы екі қызметкерін ізін суытпай ұстап, полиция бөліміне жеткізді», — делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлімімен (бұзақылық) тіркелген. ЖБО-ның бейнебақылау таспаларындағы видео қылмыстық іс материалдарына қатыстырылды», — деп ақпараттандырды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.