Ол Шығыс Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін құқық қорғау орындарының назарына іліккен.
«2003 жылдың ақпанында ұсталған адам сыбайластарымен бірге Аягөз тұрғынына қарақшылық шабуыл жасап, оның 400 мың теңгесін қолды еткен», — деп нақтылады облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ұзақ уақыт бойы ізін жасырған ер адам жедел шараларды қолға алу нәтижесінде ұсталды.
«Алдағы уақытта ұсталған адам Шығыс Қазақстан облысына жіберіліп, сот алдында жауап береді», — дейді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.