Жарияланды: 20

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті.

Бұл туралы Polisia.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 01.30-да клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама түскен. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткен. Мән-жайды анықтай келе, 20 жастағы бойжеткен мен әйелдің арасында жанжал туындап, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген мәліметте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін