Жарияланды: 530

Қарағандыда тұрғын үйге бомба қойылғаны жайлы хабарлаған «әзілқой» ұсталды

Қарағандыда тұрғын үйге бомба қойылғаны жайлы хабарлаған «әзілқой» ұсталды

Қарағанды ІІБ жол-патрульдік полициясы бір жарым сағат ішінде жарылғыш зат қойылды деп көрінеу жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады. 

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 «4 тамызда таңертең «112» нөміріне ұялы телефоннан Гоголь көшесі бойындағы тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлап, ер адам қоңырау шалды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген полицейлер жарты сағат бойы үйлерді тексерді, алайда жарылғыш зат табылмады. Осы уақыт ішінде жалған хабарлама берген телефон «лаңкесі» де анықталды», - делінген хабарламада.

Полицияның жаяу жасағы күдіктіні ұстады. 40 жастағы ер адам жарылғыш зат қойылғаны жайлы әзілдегенін мойындады.

Қазір аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 273-бабына сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін