Қарағандыда ұрлық жасаған төрт күдікті тергеу абақтысынан қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ұрлық жасаған төрт күдікті тергеу абақтысынан қашып кетті

Қарағандыда ұрлық жасаған төрт күдікті тергеу абақтысынан қашып кетті

2-қыркүйек, сейсенбіде Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полициясының уақытша ұсталғандарды қамайтын тергеу абақтысынан ұрлық жасаған төрт күдікті қашып кетті.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 492
Фото - Caravan.kz

Полициядағы сенімді ақпарат көзінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, ең ересегі 20 жастағы 4 жас жігіт соның алдында ғана есік бұзып ұрлық жасап жатқан жерінен ұсталған болатын.

Қазір осыған байланысты қалада «Перехват» шарасы жарияланды. Қашқындар іздестірілу үстінде.
Құқық қорғау мекемесінің өкілдері болған оқиға туралы ресми түсініктеме беруден бас тартып отыр. Ұсталғандардың полиция бөлімшесінен ешбір кедергіге ұшырамай қалай шығып кеткені тағы белгісіз.

Соңғы жаңалықтар