Қарағандыда заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Қарағандыда заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Қарағандыда Үлкен Бұқпа өзенінің жарты гектары жеке адамға сатылып кеткен. Заңсыз жер телімін бергені үшін қалалық жер қатынастары бөлімінің 3 қызметкері жұмыстан босатылды. Табиғат қорғау прокурорлары құны 16 млн теңгеге жуық заңсыз бөлінген 80 гектар жер телімін мемлекетке қайтарды. Бұл аумаққа, яғни өзен маңына 10 кәсіпкер демалыс орындарын салмақ болған.

  • 31 Наурыз 2016
  • 601
Фото - Caravan.kz


Оразхан Үскембаев, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

— Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі кадастрлық құны 16 млн теңге құрайтын жер учаскелерін мемлекеттің кірісіне қайтарды.