Жол апаты бүгін сағат 16.15-те болған. Облыстық ТЖД пультіне хабар 16.20-да түскен. Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір дана техника жөнелтілген.
"Үш көліктің соғылғаны туралы хабарланды. Оқиға орнына №30 өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 дана техника жөнелтілді. Газельде бір адам қысылып қалған. Құтқарушылар оны 16.43-те шығарып алды. Көліктің қаңқасын кесу керек болды. Тағы бір көлік жол жиегіне шығып кеткен. Ол 16.48-де жолға шығарылды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.