Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апатынан 18 адам зардап шекен. 

  • 25 Қараша 2022
  • 31
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда екі автобустың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 қарашада таңертең сағат 09:15 шамасында көпірде болған.

Полиция мәліметінше, автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, көптеген жолаушылар түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.

"Жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. №41 автобус бос болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полициясының өкілі.

 

Соңғы жаңалықтар