Қарағандыда жиенін өлтірген бойжеткеннің соттағы қылығы туыстарын шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жиенін өлтірген бойжеткеннің соттағы қылығы туыстарын шошытты

Қарағандыда жиенін өлтірген бойжеткеннің соттағы қылығы туыстарын шошытты

Қарағандыда жиенін пышақтап өлтірген бойжеткен 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаламқас Аманбек ұрлығына куә болғаны үшін баланың көзін құртқан.

  • 4 Наурыз 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Тергеу мәліметтері бойынша 20 жастағы қыздың туысының үйінен күзен тонын ұрлағанын 11 жастағы Леон Серікбаев көріп қалған. Бірақ Қаламқас жиенін алдап-сулап өз үйіне ертіп кеткен екен. Сол жерде баланы алдымен естен тандыра ұрып, кейін пышақтаған. Жансыз денені үйдің жанындағы әжетхананың құдығына тастай салыпты. Ал тонды 70 мың теңгеге ломбардқа тапсырған. Алайда куәгерлердің анықтамасы және айғақтармен толық дәлелденген қылмысты бұл қыз мойындаған жоқ. Бір қызығы, оған қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалған. Бұған 2014 жылдың ақпан айында айы-күні жетіп босанған Қаламқастың сәбиінің ұшты-күйлі жоғалып кетуі себеп екен.

Вадим Серікбаев, Л.Серікбаевтың әкесі
:

-Кісі өлтіруге барған адам оңбайды. Оның үстіне өз бауырының жанын алу деген сұмдық. Ол түзеледі деп ойламаймын. Соттағы салқынқандылығы мен жүріс-тұрысы жаға ұстатты, өздеріңіз көрдіңіздер ғой.