Жарияланды: 810

Қарағандыдағы хайуанаттар бағында баланың қатысуымен "Адамдар және аңдар" атты реалити-шоуды өткізуге жол берген шенеуніктер жазаға тартылды

Қарағанды. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің бұйрығымен қала әкімінің аппаратының жетекшісі Құрманғали Мурзалимов мемлекеттік органдарда қызметке тұруға тыйым салына отырып жұмысынан қуылды және хайуанаттар бағының директорының міндетін атқарушы Сергей Дмитриев қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қарағандыда тамыздың 3 мен 15 аралығында қалалық хайуанаттар бағында кәмелетке толмаған Даниил Зыбаловтың қатысуымен "Адамдар мен аңдар" атты реалити-шоу өткізу жоспарланған болатын. Жас жеткіншек жанаттар тобына жататын тұмсықты аңмен бірге отыруы тиіс болған. Шоуды ұйымдастырушы - баланың анасы Юлиана Кряжина. Жобаны жүзеге асыруға берілетін рұқсат қалалық әкімдіктен алынған. Балалар құқығын қорғау департаменті мен прокуратураның талап етуі бойынша тәжірибе сол күні тоқтатылды. Баланың орнына темір торға үлкен ер адам отырғызылып, жануарлармен бірге 5 күн отырды. Демалысынан қайтып оралған облыс әкімі осы мәселе бойынша жиналыс өткізді. "Бұл жағдай маған белгілі бола салысымен мен қала әкіміне қоңырау шалып: "Осы мәселені шешіңдер, менің келуімді күтпеңдер", дедім. Ешқандай шара қолданылмады! Олай болса, осы лас мәселемен өзімнің айналысуыма тура келді. Алайда, мен тек осы әрекеттерді заңдық жағынан ғана бағалайтын боламын", - деп атап көрсетті Н. Нығматуллин. Сонымен қатар, облыс әкімі шоуды тоқтату шараларын дер кезінде қабылдамағаны үшін Қарағанды облысы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламаларды қамсыздандыру және үйлестіру бөлімінің бастығы Александра Титаренконың қызметін атқару-атқармауы мәселесін күн тәртібіне шығарды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Базарбаевқа қатаң ескерту жасап, қала әкімінің орынбасары Алмагүл Сәлімбаеваға сөгіс жариялады. "Мемлекеттік қызметте не үшін жүргендерін түсінбейтіндерге осындай шаралар қолданыла бермек", - деп атап көрсетті Н. Нығматуллин. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть