Қарағандыдағы «Қазавиаспектр» зауыты бірде-бір ұшақ шығармаған - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы «Қазавиаспектр» зауыты бірде-бір ұшақ шығармаған

Ауыл шаруашылық ұшақтарын шығаратын зауыты ашылғаннан бері, яғни  2011 жылдан бері бірде-бір ұшақ жасап шығармаған. Зауыт басшылығы жобаның өндірістік қуатына толық шығу мерзімін 2015 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасы Ерлан Мұратов мәлім етті.
           «Техникалық сызбалар болмағандықтан ұшақтар құрастырылмай отыр», - деді Е.Мұратов.
           Комитет төрағасының айтуынша, сызбаларды зауыттың Казаньдағы серіктесі «МВЕН» фирмасы» жеткізіп беруі тиіс болатын. Қазіргі таңда зауыт басшылары «МВЕН» фирмасымен техникалық құжаттарды жеткізу мәселесі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
           «Бастапқыда кәсіпорын 2012 жылы жобалық қуатына шығады деп жарияланған болатын. Кестеден қалып қойғаннан кейін, облыс әкімдігі мен «ҚазАгро» АҚ бірлесе отырып оны 2015 жылға дейін ұзартты. Бұл ұсыныс үкімет тарапынан да қолдау тапты», - дейді Е.Мұратов.
           Комитет басшысының айтуынша, 2012 жылы Казаньда «Қазавиаспектр» ЖШС қызметкерлерін даярлау барысында үш «Фермер-2» ұшағы құрастырылған. Жалпы, «Шыны-пластик бұйымдарды қалыптаушы, шыны-пакеттен жасалған бұйымдарды құрастырушы» мамандығы бойынша 20 адам дайындықтан өтіпті.
           «2 фюзеляж, 11 күштік жиынтық құрастырылды. Полимерлік-композициялық материалдардан ұшақ құрастыру жұмыстары жалғасып жатыр. 2013 жылы 10-мамырда зауытқа Lycoming фирмасы шығарған авиация қозғалтқышының 5 данасы жеткізілді», - деді Е.Мұратов.
           «Фермер-500» ауыл шаруашылықұ ұшақтарын шығаратын, жалпы құны 1 млрд 648 млн теңгелік өндіріс ошағы аймақтың Индустриаландыру картасына енгізілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жобаны жүзеге асыруға 750 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы инфрақұрылым нысандарын тұрғызуға жұмсалды. Ал, «ҚазАгро» холдингі жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 846 млн теңге несие берді.
           «Қазавиаспектр» зауыты 2011 жылы Қарағандыда ашылған болатын. Жоба жылына ауыл шаруашылығына арнап 36 дана «Фермер-500» және «Фермер-200» ұшағын шығаруы тиіс.

  • 8 Тамыз 2013
  • 838
Фото - Caravan.kz

Ауыл шаруашылық ұшақтарын шығаратын зауыты ашылғаннан бері, яғни  2011 жылдан бері бірде-бір ұшақ жасап шығармаған. Зауыт басшылығы жобаның өндірістік қуатына толық шығу мерзімін 2015 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасы Ерлан Мұратов мәлім етті.

           «Техникалық сызбалар болмағандықтан ұшақтар құрастырылмай отыр», — деді Е.Мұратов.
           Комитет төрағасының айтуынша, сызбаларды зауыттың Казаньдағы серіктесі «МВЕН» фирмасы» жеткізіп беруі тиіс болатын. Қазіргі таңда зауыт басшылары «МВЕН» фирмасымен техникалық құжаттарды жеткізу мәселесі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
           «Бастапқыда кәсіпорын 2012 жылы жобалық қуатына шығады деп жарияланған болатын. Кестеден қалып қойғаннан кейін, облыс әкімдігі мен «ҚазАгро» АҚ бірлесе отырып оны 2015 жылға дейін ұзартты. Бұл ұсыныс үкімет тарапынан да қолдау тапты», — дейді Е.Мұратов.
           Комитет басшысының айтуынша, 2012 жылы Казаньда «Қазавиаспектр» ЖШС қызметкерлерін даярлау барысында үш «Фермер-2» ұшағы құрастырылған. Жалпы, «Шыны-пластик бұйымдарды қалыптаушы, шыны-пакеттен жасалған бұйымдарды құрастырушы» мамандығы бойынша 20 адам дайындықтан өтіпті.
           «2 фюзеляж, 11 күштік жиынтық құрастырылды. Полимерлік-композициялық материалдардан ұшақ құрастыру жұмыстары жалғасып жатыр. 2013 жылы 10-мамырда зауытқа Lycoming фирмасы шығарған авиация қозғалтқышының 5 данасы жеткізілді», — деді Е.Мұратов.