Қарағандылық әйел "көріпкелге" 12 миллион теңге берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық әйел "көріпкелге" 12 миллион теңге берді

Қарағандылық әйел "көріпкелге" 12 миллион теңге берді

Қарағандылық әйел "көріпкелге" 12 миллион теңге беріп, алданып қалды.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 2388
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

7 желтоқсан күні Қарағанды қалалық полиция бөлімшесіне 41 жастағы қала тұрғынынан шағым келіп түсті. Ол әлеуметтік желіде "тегін бал ашу" деген хабарлама көріп, алданып қалғанын айтқан. Ол көріпкелдің әйел екеніне сенімді болған. Екеуара әңгіме барысында белгісіз азамат оның сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен адастырған. 

Ақырында шағым түсіруші бірнеше рет онлайн-аударым жасап, шырақ пен өзге қажетті заттарға жалпы 12 миллион 266 мың теңге көлемінде ақша аударған. Алайда тапсырыс сол күйі орындалмаған. Алаяқтың арбауына түсіп қалғанын түсінген әйел полицияға шағымданды. 

10 желтоқсан күні полицейлер "көріпкелді" ұстап алды. Ол — 23 жастағы жас жігіт болып шықты. Кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-шы "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексерілуде.


Соңғы жаңалықтар