Қарағандылық бүлдіршіндер қалпақтар сайысын ұйымдастырды
|
Қарағандыда ерекше байқау өтті. Жаз маусымы алдында ұйымдастырылған Қалпақтар сайысының қатысушылары - бүлдіршіндер.
Балалар жазда шақырайған күннің қызуынан қорғайтын қалпақтарды асқан шеберлікпен жасаған. Қаладағы балабақшалардың бірі ұйымдастырған байқауға 100-ден астам астам балақай қатысты. Ата-аналарымен бірлесіп әзірлеген қалпақтар көзің жауын алады. Қазылар алқасы да бала қиялының ұшқырлығына таңданыстарын жасыра алмай, қатысушылардың барлығын бірдей жеңімпаз деп таныды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін