Қарағандылық оқушы Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық оқушы Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алды

Қарағандылық оқушы Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алды

Қарағандыдағы мектеп оқушысы миллион доллардың үштен бір бөлігін олжалады. Алайда, жүлдесі ақшалай емес, әлемдегі ең беделді ЖОО-ның бірі - Дьюк университетінің шәкіртақысы түрінде болды. 

  • 13 Сәуiр 2016
  • 372
Фото - Caravan.kz

 Дарья Андрейченко шәкіртақы бағдарламасының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын Билл Гейтстің грантына ие болған бірінші қазақстандық азаматша болды, деп хабарлайды Хабар.

№38 гимназияның оқушысы Дарья Андрейченко — Дьюк университетінің болашақ студенті. ҰБТ қорытындылары оның студенттік өміріне еш әсер етпейді, бірақ Дарья сынаққа сыныптастарымен бірдей дайындалып жатыр.

«Бұл ЖОО-ға 32 мың адамнан небәрі 1700-і оқуға түседі, ал бұл шәкіртақыны әлемде тек 8 адам алады. Маған онда оқуға түсіп қана қоймай, бұл шәкіртақы финалисі болғаным жазылған хат келгенде, мен қатты таңырқадым, оларға «Бұл әзіл емес пе?» деп жаздым», — дейді Дарья Андрейченко.

Дарья САТ — біздің еліміздегі ҰБТ-ға ұқсас сынаққа өзі дайындалып, ағылшын тілінен емтихан тапсырды, онлайн-сұхбаттан өтті. Нәтижесінде әлемдегі ең беделді ЖОО-ның бірінде білім алуға шақыру алды.