Қарағандылық полицейлер қыз-келіншектерді қайран қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық полицейлер қыз-келіншектерді қайран қалдырды

Қарағандылық полицейлер қыз-келіншектерді қайран қалдырды

Аруларды алдағы мерекесімен тәртіп сақшыларының төрт аяқты достары құттықтаған. Қаладағы есірткі саудасымен күрес басқармасы мен кинологиялық орталықтың қызметкерлері осылайша бір күнін түгел осы мерекеге арнады. 

  • 8 Наурыз 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz


Әрбір кездескен әйелге әңгіменің соңына қарай тәртіп сақшылары тосын сый жасаған. Алаңсыз тұрған арулардың барлығы ауызына гүл тістеген итті көріп қайран қалыпты. Мереке қарсаңында полицейлер кыз-келіншектердің көңілін аулап, оларды осылайша тапқырлығымен таңғалдырды. Гүлден басқа, қала тұрғындарына түрлі буклеттер де табыстады. Есірткі саудасымен күрес басқармасы мұндай мерекелік шараны әдейі ұйымдастырыпты. Себебі, Қарағанды облысы қазір нашақорларының саны жағынан Қазақстанда бірінші орында тұр.