Сот орындаушыларының қара тізімінде тұрған көлік түрлері көп. Олар көзге іліккендерін тоқтатып, жаппай тексеруде. Қарызы барларына 5 күннің ішінде өтеуі керектігін ескертіп, басқасын кешірім өтініп кері қайтарды. Көшеде кешелі бері осылай кешірім сұрап жүріп 30-ға жуық борышкерді анықтапты олар. Тізімде тағы 300-ге тарта адам бар екен. Бастықтары бұйырғаннан кейін енді екі мекеменің өкілдері қол ұстасып жұрттағы қарызды қайтаруға кіріскен. Айтуларынша, берешектер әлі баршылық, ал уақыт болса қысып бара жатқан көрінеді.
Әсел Ақмалышева, Қарағанды облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы:
— Жыл аяқталып қалды бюджетті толтыру керек. Қарыздан қашып жүргендер көп. Сондықтан министрліктің бұйрығы бойынша осылайша қарыз жинауға кірістік.