Жарияланды: 720

Қарағандылық телеарнаның найзағай ұрып, аман қалған журналисінің жүрек қағысы бұзылған

Дәрігерлер Қарағандының «5 арна» телеарнасының найзағай ұрып, аман қалған журналисі Назгүл Талипованың жүрек қағысы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды сәрсенбі күні «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қоры.

«8 маусымда Назгүл редакцияның тапсырмасы бойынша түсіру тобымен бірге қытайлық әртістер өнер көрсеткен циркке барған. Жаңбыр жауып тұрған болатын, найзағай журналист ұстаған қолшатырдың темір тұтқасына тиген», - делінген ақпаратта. «Денеме мыңдаған ине қадалғандай болды, мен өзімнен ұшқындар шығып жатқанын көрдім, бұл 10 секунд бойы жалғасты», - деп еске алады Н. Талипова. Жедел жәрдем көлігі Н. Талипованы Мақажанов ат. емханаға жеткізген. Дәрігерлер оның жүрек қағысы бұзылғанын анықтады. Журналист қазір ауруханада жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін