Қарағандылық үздік түлек Нидерландтағы ЖОО-ға грант ұтып алды
Қарағандылық мектеп түлегі Нидерландтағы жоғарғы оқу орнына грант ұтып алды. Қазақ-түрік лицейінің оқушысы өзге елде бизнес басқаруды меңгермек. Айбек Алтынбек Еуроодақ елдерінің студенттеріне арналған бағдарламаға қатысып, ағылшын тіліндегі емтиханды жоғары дәрежеде тапсырды. Сонымен қатар техникалық пәндерді жақсы меңгергені үшін грантқа лайық деп танылған. Биыл қазақ-түрік лицейінің 27 түлегі түрлі шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Жалпы облыс бойынша 7 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты аяқтап, 46066 түлек бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысатын болады.