Қарағандылықтар мінген ұшақ Түркияда бөгеліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылықтар мінген ұшақ Түркияда бөгеліп қалды

Қарағандылықтар мінген ұшақ Түркияда бөгеліп қалды

Туристердің бір тобы үйге орала алмаса, енді біреулері Қарағандыдан Анталияға ұша алмады.

  • 8 Шiлде 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең Қарағандыдан «Scat» әуе компаниясының ұшағы Түркияға ұшпады. Соның салдарынан шамамен 230 адамның демалысы кейінге шегерілді. Облыс орталығынан тыс тұратын азаматтар әуежайда қалуға мәжбүр болды. 

— Таңғы сағат төртте «Сары- Арқа» әуежайына келгенде ұшу уақыты кейінге шегерілгенін білдік, — деді nv.kz сайтына туристердің бірі. — Адам көп болды. Екі сағат бойы техникалық ақаулық салдарынан ұшақ сағат 18.00 ұшырылатыны хабарланды. Алайда кейін, бұған еш кепіл жоқтығын түсіндік. «Скатпен» байланысу мүмкін емес. Күтіп отырмыз.

Сары-Арқа әуежайында түсіндіргендей, биыл «Scat» өз клиенттерінің үмітін алғаш рет ақтай алмай отыр. Чартерлік рейсті «Boeing 757» ұшағы орындайды, ол аптасына төрт рет ұшады. Дегенмен, бүгін белгісіз себептермен Анталиядан келетін рейс кешікті. Осыған байланысты біздің туристер Түркиядан уақытында ұшып шыға алмады. Ұшақ жоспарланған уақытта Қарағандыға қонған жоқ. 
Бірақ, «Scat» әуе компаниясынан «nv.kz» сайтына мәлімдегендей, барлық ақаулар жойылды. Кешігу резервтегі әуе кемесін күтуге байланысты болған. 
Алайда сағат 09.37-те қарағандылықтар мінген «Боинг» Анталиядан ұшып шықты.