Қарағандылықтарды көше кезген құбыжық шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылықтарды көше кезген құбыжық шошытты

Қарағандылықтарды көше кезген құбыжық шошытты

-Бұл кейіпкердің бойында жаман қасиеттің бәрі бар. Ұзын қылышы адам өлтіруге арналған. Байқасаңыздар, үсті басы, қолы қанға боялғаны да сондықтан. Мұны әншейін ерігіп отырып жасай салдым. Костюмдік шоулар шетелдерде жақсы дамыған. Өк

  • 25 Маусым 2015
  • 414
Фото - Caravan.kz

Пирамида тәріздес басы бар, қанға боялған қолымен ұзындығы екі құлаш қылыш сүйреткен құбыжық жұмысқа шыққан жұрттың әбден есін алған.  Виктор есімді жігіт осылайша, «Сайлент Хилл» атты компьютер ойыны мен фильмінің кейіпкерін сомдаған екен. Алғашында үрке қарағанымен, кейіннен қызықтап фотосуретке түскендер де болды деп күледі ол. Кейіпкердің киімін қағаздан өзі құрастырып жасап алыпты.  Еш мақсатсыз ойына келгенін істеген қала тұрғыны тек елді таңғалдырғым келді дейді.


-Бұл кейіпкердің бойында жаман қасиеттің бәрі бар. Ұзын қылышы адам өлтіруге арналған. Байқасаңыздар, үсті басы, қолы қанға боялғаны да сондықтан. Мұны әншейін ерігіп отырып жасай салдым. Костюмдік шоулар шетелдерде жақсы дамыған. Өкінішке қарай, бізде ол жоқ.