Қарағандының әскери ұшқыштары боранға қарамай жау нысандарын жойды
Қарағандыда жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығуы өтті. Тек қана аспанда ұрыс жүргізе алатын «МИГ-31-лер» ұшып-қонумен қатар жер бауырлай самғау әрекетін де пысықтады. |
Бұл жолғы жаттығудың ерекшелігі – ауа райының қолайсыздығында. Қарлы бораны күшіне мінген күні ұшу техникасын шыңдау мақсатында бүгін 4 экипаж көкке көтерліген. Ұшқыштар аспандағы жаудың шартты нысанын жою мен жау ұшақтарынан қаша ұрыс салу әдістерін көрсетті. Жоғарғы және орта биіктікте әдіс-айла қолдану анағұрлым жеңіл дейді ұшқыштар. Ал қолайсыз ауа-райында жерден арқан бойы қашықтықта ұшумен қатар тәсілдер қолдану асқан шеберлікті қажет етеді.
Мадияр Арыстанбеков, эскадрилия командирі:
- Ең төменгі биіктікте өте тәжірибелі ұшқыш қана ұша алады. Өйткені мұндағы қателік өліммен пара-пар. Сондықтан бүгінгі жаттығуларда ұшқыштарымыз ауыр сыннан аман-есен өтті деуге болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін