Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов 1 наурызға дейін қамауда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов 1 наурызға дейін қамауда болады

Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов 1 наурызға дейін қамауда болады

 Қызметтік өкілдігін теріс пайдалануда күдікті танылған Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың қамауға алыну мерзімі тағы бір айға, 2015 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлады Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

  • 20 Қаңтар 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен ҚР ҚК-нің 307 бабының 4 бөлімімен («Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтік өкілдігін асыра пайдалану») қарастырылған қылмысты жасауда күдікті танылған М.Смағұловтың қамауға алыну мерзімі 5 айға, 2015 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы тергеу өтініш берді, өйткені қажетті тергеу әрекеттерін өткізу үшін тағы уақыт керек», — деді Ә.Жошева.

Сот Смағұловтың қорғаушыларының бұлтартпау шарасын жұмсарту туралы өтінішін қанағаттандырмады.


Бұрын хабарланғандай, бұған дейін сот М.Смағұловтың қамауға алыну мерзімін 4 айға, 2015 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартқан еді.