Қараша айында джихадшылар қолынан 5 мыңнан астам адам қаза болған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айында джихадшылар қолынан 5 мыңнан астам адам қаза болған

Қараша айында джихадшылар қолынан 5 мыңнан астам адам қаза болған

 Әлем бойынша қараша айында бес мыңнан астам адам джихадшылардың шабуылы салдарынан қаза болғанын Би-би-си мен Лондонның Корольдік колледжі бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті. Бұл зерттеудің міндеті азаматтық қоғамнан шыққан жаңалықтар мен оқиғаларды сараптау арқылы әлемде джихадтық күш көрсетудің қаншалықты деңгейде екенін санмен көрсету болды.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz

Зерттеу нысанына сүннит жауынгерлердің топтары, соның ішінде «Әл-Каида» мен оның жақтастары, сонымен бірге осыған ұқсас идеологиямен басқа да топтары алынды. Барлығы 14 елдегі 16 топтың әрекеттері сарапталды.

Құрбан болғандарың көбі — 44 пайызы «Ислам мемлекеті» тобының әрекеттерінен болған. Бұл топ Ирак пен Сирияны қаруландырып отыр. Ал екінші орында Нигерияның «Боко Харам» тобы тұр.